7 C
Алматы
Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

    Баян Алагөзова күйеуінің бизнесін рейдерлік жолмен тартып алғысы келгендердің аты-жөнін атады

    Белгілі продюсер Баян Алагөзова тағы да әлеуметтік желі арқылы дабыл қақты. Ол бұл жолы Galanz Bottlers компаниясын рейдерлік жолмен тартып алған адамдар мен олардың сыбайластарының аты-жөнін атады.

    Продюсердің айтуынша, жалпы рейдерлікке 18 адамның қатысы бар, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Бір ай бұрын күйеуім Тұрсынғали Алагөзовтің Galanz Bottlers компаниясын күш көрсетіп, тартып алмақ болғанын айтқанмын. Сол кезде олардың түсін түстеп, атын кейін атаймын деп уәде бергенмін, — дейді Баян Алагөзова.

    instagram.com/bayanmaxatkyzy
    instagram.com/bayanmaxatkyzy

    Бірақ қозғалған қылмыстық іс пен тергеу шаралары Алагөзовтерден ақпаратты жария етпеуді талап еткен. Соған қарамастан ол атақты кланға жақын адамдар заңсыз құжат істеп, тіркеуді жалғастырып отырғанын айтты.

    Өткен аптада бұл адамдар компанияға басып кіріп, төбелес шығарды. Қызметкерлерді қуып, ғимарат пен кассаны тартып алмақ болды. Олар компанияны банкротқа ұшырату үшін жан-жақты әрекет жасап жатыр, — дейді продюссер.

    17 наурызда осы іске қатысты күдіктілерді қамауға алғаннан кейін олар бар айғақтарды жасырып, сатуды тоқтату үшін бүкіл мәліметтер базасын жойған. Сосын Алагөзова жекелеген адамдардың есімдерін атап, олардың жалпы ел экономикасына да, Galanz Bottlers компаниясының әрбір жеке қызметкеріне де қауіп төндіретінін атап өтті.

    Аты-жөні аталғандар:

    Қауіпсіздік қызметінің бұрынғы басшысы — Айдархан Бектібаев;

    Директорлар кеңесінің «тәуелсіз» директоры — Талғат Молыбаев;

    басқарма төрағасының орынбасары — Светлана Недопрядченко;

    басқарманың бұрынғы төрағасы — Ильдар Акчурин.

    Айдархан Бектібаев бұрын адам ұрлап әрі зорлағаны үшін сотталған болатын. Сонымен қатар бұлардан бөлек, заңсыз құжаттарға қол қойған тағы 14 адам бар, — дейді Баян Алагөзова.

    Қазір продюсер осы іс бойынша тергеу мен соттың аяқталуын күтіп отыр. Бірақ күдіктілер компанияға шабуылын тоқтатпаса, фото мен бейнеқұжаттарды жариялап, баспасөз мәслихатын өткізетінін мәлімдеді.

    Бұл адамдар заңсыздыққа мақсатты түрде барады. Олар Президенттің адал әрі ашық кәсіпкерлік туралы нұсқауларын қасақана бұзып отыр. Өздерінің жазадан құтылып кететініне сенімді. Мұндай әрекет мемлекеттік саясатқа нұқсан келтіреді,

    — деді ол.

    Бұған дейін Баян Мақсатқызы Елбасының өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен қамауға алынған немере інісі Қайрат Сатыбалдының рейдерлік әрекеттерін түгелдей әшкере етуге дайын екенін мәлімдеген еді.

    қатысты посттар

    Ержан Максим: Алла Пугачева мені түсінде көріпті… (видео)

    Сырдариялық кәсіпкер оқушыларға планшеттер алып берді

    Фариза

    Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Байқоңыр мәселелері бойынша жауап берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seven + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.