4.4 C
Алматы
Пятница, 6 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Бекболат Тілеуханов Түркияда қазақтардың басын қосып, ауызашар берді

    Экс-депутат Бекболат Тілеуханов Түркия мемлекетінің Стамбұл қаласында қазақтардың басын қосып, ауызашар берді.

    Түркия қазақтары бас қосқан бұл жиынның видеосы EGOV.press телеграм каналында пайда болды.

    «Араб та, Пакистан да мұсылман, бірақ туыстың, қандастың, жөні бөлек екен, соны ұмытпауымыз керек. Сондықтан, осыған байланысты ауызашар беріп жатырмыз. Қош келдіңіздер! Мынау басы болсын, Алла барша тілектерімізді қабыл етсін. Еліміздің ішін даудан, сыртын жаудан сақтасын. Атамекенім, атажұртым деп түріктердің өзі де қазақтарға керемет құрметпен қарайды екен. Өзіміздің Қазақстанымызға Алла амандық, тыныштық берсін» ,- деп жүрек жарды тілегін білдірді Бекболат Тілеуханов.

    Жиын барысында Бекболат Тілеуханнан бөлек Мұхаммеджан Тазабектің де болғандығы айтылған.

    Дереккөздерге сүйенсек, Бекболат Тілеуханов қазіргі таңда Түркия мемлекетінде тұрып жатыр.

    қатысты посттар

    «Кредиті кешірілгендер «қара тізімге» еніп, оларға ешқашан кредит алуға рұқсат берілмейді» Қауесет пе, шындық па?

    Фариза

    «Адамның басын кесіп, фотоға түскен» Сириядан елге қайтарылған 14 қазақстандықтың жантүршігерлік қылмыстары әшкере болды

    Фариза

    Қарлығаш Әбдірахманова: Елорда – егемен елдің жүрегі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 + three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.