14 C
Алматы
Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Бекболат Тілеуханов Түркияда қазақтардың басын қосып, ауызашар берді

    Экс-депутат Бекболат Тілеуханов Түркия мемлекетінің Стамбұл қаласында қазақтардың басын қосып, ауызашар берді.

    Түркия қазақтары бас қосқан бұл жиынның видеосы EGOV.press телеграм каналында пайда болды.

    “Араб та, Пакистан да мұсылман, бірақ туыстың, қандастың, жөні бөлек екен, соны ұмытпауымыз керек. Сондықтан, осыған байланысты ауызашар беріп жатырмыз. Қош келдіңіздер! Мынау басы болсын, Алла барша тілектерімізді қабыл етсін. Еліміздің ішін даудан, сыртын жаудан сақтасын. Атамекенім, атажұртым деп түріктердің өзі де қазақтарға керемет құрметпен қарайды екен. Өзіміздің Қазақстанымызға Алла амандық, тыныштық берсін” ,- деп жүрек жарды тілегін білдірді Бекболат Тілеуханов.

    Жиын барысында Бекболат Тілеуханнан бөлек Мұхаммеджан Тазабектің де болғандығы айтылған.

    Дереккөздерге сүйенсек, Бекболат Тілеуханов қазіргі таңда Түркия мемлекетінде тұрып жатыр.

    қатысты посттар

    Қызылорда: Егісті сумен қамтамасыз ету барысы тұрақты бақылауда

    Фариза

    Каспий банк шоттарында ақша жоғалып жатыр

    Фариза

    Елімізде құстардан бөлек жылқылар қырылып жатыр (видео)

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.