22 C
Алматы
Жұма, 10 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Президенттің туыстары қандай қызметтерді атқара алмайды? Министр жауап берді

    Әділет министрі Қанат Мусин Президенттің туыстары қандай қызметтерді атқара алмайтынын, сондай-ақ кімдер туыс деп танылатынын айтты, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мусин заңға сәйкес кімдер жақын туыстарға жатқызылады және Президенттің жақын туыстары қандай қызметтерді атқара алмайды деген сұрақтарға жан-жақты тоқталды.

    “Жақын туыстар ретінде заңға ата-ана, балалар, асырап алушы, асырап алынғандар, бір әке-шешеден тараған және екінші некеден туған балалар, атасы, әжесі, немерелері кіреді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада жекжаттар, яғни ерлі-зайыптының жақын туыстарына шектеулер белгіленген”, – деді министр.

    Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша министрлер, олардың орынбасары, әкімдер, мемлекеттік орган басшылары және т.б. мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметші лауазымдарының тізілімі анықталған.

    “Квазимемлекеттік секторға мемлекет қатысатын ұйымдар кіреді. Осылайша, заңнамалық деңгейде тиісті тыйымдар белгіленгеннен кейін, мәселен, Президенттің ағасы, әпкесі, балалары “Самұрық-Қазына” немесе “Бәйтерек” сияқты ұлттық компанияларда басшылық қызмет атқара алмайды”, – деді Мусин.

    Оның айтуынша, мұндай лауазымдар қатарына белгілі бір дәрежедегі дипломатиялық лауазымдар да қосылады.

    қатысты посттар

    Халықтың шынайы үрейі коронавирус па? Қатаң санитарлық ережемен неге “Нұр Отанның” отырысы қатар келді?

    Фариза

    “Ерлан мырзаға сол жетіспейді” – Айгүл Орынбек Шымкент әкіміне қатысты ойын айтты

    Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді? Президент қандай тапсырма берді?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.