-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    Қаржы пирамидасын жарнамалаған танымал үш блогер қылмыстық жауапқа тартылады

    Қаржы пирамидасын жарнамалаған блогерлерге қатысты қылмыстық іс аяқтауға жақын қалды. Сот шешімі бойынша Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа қатысты бұлтартпау шарасы қабылданған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    «Үш блогерді де қылмыстық жауапқа тартып жатырмыз. Сот шешімі, прокурор келісімі бойынша екі блогерге қатысты бұлтартпау шарасы алынды. Үшіншісі шетелге қашып кеткендіктен, сот санкциясымен халықаралық іздеу жарияланды», — деді Әділов.

    Ал вайнерлерді қамауға алу жәбірленушілердің арыз-талаптарына байланысты болмақ.

    «Таңдалған бұлтартпау шаралары қылмыстық процестің үш буынды моделі шеңберінде прокуратура органдарымен келісілген және сот сайлаған. Жәбірленуші тарап процеске қатысушы ретінде қылмыстық қудалау органының, оның ішінде бұлтартпау шарасын таңдау туралы бірде-бір шешіміне прокуратура органдарына және сотқа шағым жасаған жоқ. Жақын арада қылмыстық істі қылмыстық процеске қатысушыларға таныстыру үшін беру жоспарлануда, содан кейін ол сотқа жіберіледі.Вайнерлерді қылмыстық істен босату туралы ой жоқ, оларға қатысты барлық дәлелдер жиналды», — деді Тергеу департаментінің бастығы.

    Сондай-ақ 11 сәуірде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанындағы наразылық акциясы кезінде әйел адамның өзін-өзі өртеп жібергені, ал оқиғадан бір күн бұрын оның Instagram парақшасында Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановты айыптаған жазбасы жарияланған болатын.

    Тергеу департаментінің басшысы аталған істе Алматы қаласы полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты да қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

    «Осы оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 105-бабы «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қызметтік тексеру барысында Әбдірахмановтың да, басқа да полиция қызметкерлерінің де жұмысына құқықтық баға береміз», — деді Санжар Әділов.

    қатысты посттар

    Экс-депутат тағы да төсін жалаңаштап шықты

    Семейде «Рухты Шығыс» Аrt-фестивалі аяқталды

    Тұрсынбек Қабатовтың қызын ҰБТ-ға дайындаған репетитор даудың мән-жайын айтты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 + two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.