9 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Биыл Жеңіс күніне арналған әскери парад өтпейді

    Биыл елордада Жеңіс күніне арналған әскери парад өткізілмейді. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    «2022 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ», – делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.

    Министрлік парад ұйымдастырылмағанмен мерекеге орай әскери-патриоттық іс-шаралар өткізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Олардың арасында Ұлы Отан соғысының және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлерін құрметтеу жөніндегі жиындар да бар.

    Қорғаныс министрлігі еліміздің барлық өңірінде 50-ге жуық түрлі іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.

    қатысты посттар

    Кәрім Мәсімов 17 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

    Фариза

    Нұрлан Нығматулиннің ұлы «Қазфосфат» ісі бойынша күдікке ілінді 

    “Байқоңырда қорқынышты жағдайлар орын алып жатыр”

    Пікір қалдыру

    20 − seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.