-6.1 C
Алматы
Понедельник, 25 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Бір айда 14 мың Ресей азаматы Қазақстаннан ЖСН алды

    Биыл Жеке сәйкестендіру нөмірін алған Ресей Федерациясы азаматтарының саны бірден 14 есеге өсті.

    Санкцияға ұшыраған Ресейдің азаматтары елімізге келіп, жаппай ЖСН рәсімдеп жатыр, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, өткен жылы 14 717 Ресей азаматы ЖСН нөмірін алса, ал жыл басталғалы 12840 ресейлік ЖСН алып үлгерген. Демек жыл соңына дейін олардың саны бірнешеге есеге өседі.

    Ресейліктер ЖСН-ді наурыз айында жаппай ала бастаған. Егер өткен жылдың наурызында ЖСН-ді тек 783 адам ғана алса, биыл наурызда 10995 адам ЖСН иеленген. Яғни көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 14 есеге көп.

    Қазақстандықтар ЖСН-ді дүниеге келген кезде автоматты түрде алады. Ал өзге елдің азаматтары елімізге келмей-ақ, сенімхат арқылы ЖСН ала алады. Жеке сәйкестендіру нөмірі Қазақстан аумағында банктік операциялар жүргізу үшін, келісім-шарт жасау үшін керек.

    қатысты посттар

    Парақорлық бойынша сотталғандарды жұмысқа алушылар да жазаланатын болды

    Фариза

    Қызылордада коронавирус жұқтырған 100 медицина қызметкері шипажайда демалады

    Фариза

    Алматыда 45 мың ит пен мысыққа чип салынады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.