Таразда мұғалім оқушыларға Жириновский партиясының атынан сыйлықтар таратқан
Экспресс-К басылымының хабарлауынша, ата-аналар мұғалімнің бұл әрекетін түсінбей қалған.
Оқиға Тараздағы №13 мектепте орын алған. Наурыз мерекесіне орай педагог сыныптағы оқушыларға Владимир Жириновскийдің суреті бар дәптерлер мен Ресейдің «ЛДПР» партиясының аты жазылған ертегілер кітабын сыйға тартқан.
Сондай-ақ, балаларға саяси партияның құттықтауы жазылған тәттілер де берілгені белгілі болды.
Тараз тұрғыны Ақбота бұл суреттерді оған ағасы жібергенін айтқан. Оның айтуынша, басында оған ешкім мән бермеген, артынша мұндай сыйлықтың мәнін түсінгісі келген.