9 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Талдықорғанда қанды қаңтарды ұйымдастырған 11 күдікті ұсталды

    Ұсталғандардан атыс қарулары, қауіпсіздік күштерінен ұрланған арнайы қорғаныс құралдары мен оқ-дәрілер, есірткі заттары тәркіленді.

    Алматы облысының полицейлері ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп, «қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты» деген негізді күдікпен 11 адамды ұстады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

    «Қамауға алу және бұлтартпау шарасын таңдау туралы барлық шешімдер қылмыстық іс жүргізу қатаң түрде заңнама талаптарына  сәйкес прокуратурамен міндетті түрде келісе отырып және соттың санкциясымен қабылданды»  делінген хабарламада.

    Күдіктілердің жасы 20-39 жас аралығында, олар облыстың түкпір-түкпірінде ұсталған. Тәртіпсіздіктерге қатысы бар екені олардың облыс әкімдігі мен қалалық полиция ғимаратын басып алу кезіндегі әрекеттері, сонымен қатар  тәртіп сақшылары мен әскери қызметшілерге қарсылық көрсетулері  түсірілген бейнетаспа арқылы дәлелденді.

    Сонымен қатар, ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшесі, Сарқанд облысының 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Жеке тінту кезінде олардан «Макаров» тапаншасы мен оған арналған патрондар, салмағы 210 грамм гашишке ұқсас заттың бір бумасы табылды. Ұсталғаннан кейін ұсталған азаматтың туыстары ПД ғимаратына басып кіріп, тергеу барысына кедергі келтірмек болған.

    Ұсталғандарға қатысты тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы «Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу» бойынша жүргізілуде. Жиналған материал дәлелдемелік базамен бірге арнайы прокуратура қызметкерлері  тексерісіне жіберілді.

    Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі қаңтар айының басында жасалған қылмыстарды тергеу барысы туралы айтты. Қазақстанның тергеу органдары барлығы 3702 қылмыстық істі тергеп жатыр. Олардың көпшілігі: ұрлық, тонау, қару-жарақ сақтау және басқа да осыған ұқсас қылмыстар. Сот  152 адамға қатысты үкім шығарған.

    қатысты посттар

    COVID-19: Қызылордада жаңадан құрылған Call орталығы жұмысын бастады

    Фариза

    Қызылордада ХҚО-да қызмет көрсетуге әзір еріктілер көп

    Фариза

    Қызылордалықтар кермек судың орнына тіршіліктің таза нәрін тататын болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.