17 C
Алматы
Жұма, 10 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    ҚР Сыртқы істер министрі ДХР мен ЛХР тәуелсіздігі туралы пікір білдірді

    Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің жуырдағы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Естеріңізге сала кетейік, жуырда Брюссельде Сүлейменов Қазақстан Ресейге салынып жатқан санкцияларды ұстанады деп мәлімдеген еді. Сондай-ақ ол Донецк Халық Республикасы мен Луганск Халық Республикасының тәуелсіздігі туралы да пікір білдірген.

    Бүгін журналистер Сыртқы істер министрінен Тимур Сүлейменовтің бұл айтқандары оның жеке ұстанымы ма, әлде жалпы Қазақстанның ұстанымы ма деген сұрақтың жауабын сұрады.

    – Сүлейменовтің бұл сұхбаты ел басшылығымен келісілген бе еді, әлде оның жеке пікірі ме?

    – Біріншіден, ол – ресми тұлға. Ол шетелдік басылымдардағы тілшілердің өтініші бойынша сұхбат берді.

    – Яғни, келісілген, мемлекеттің ұстанымын білдіретін сұхбат қой?

    – Біз дәл қазіргі уақытта Луганск Халық Республикасы сияқты, Донецк Халық Республикасының да тәуелсіздігін мойындамаймыз. Еуроодақ пен АҚШ-тың Ресейге қатысты жариялаған санкцияларының бәріне біз қосылып отырған жоқпыз, алайда біз үшін екі маңызды мәселе бар. Біріншіден, ол санкциялар Қазақстан экономикасының дамуына кері әсерін тигізбеуі керек. Екіншіден, біздің аумағымыз сол санкциялардан құтылатын елге айналмауы керек.

    қатысты посттар

    Мәулен Әшімбаевтың Сенаттың спикері болғанын жағымды жаңалық деп санаймын – Мухтар Тайжан

    Фариза

    “Митинг пе, көзбояушылық па?” Биліктен өзгеріс талап еткен халық өздері билеп кетті (видео)

    Фариза

    Шымкент қаласында жаңажылдық безендіруге бюджеттен 35 млн теңге жұмсалмақ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.