13 C
Алматы
Жексенбі, 12 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Мал дәрігерлерінің жалақысы көбейеді – министр

    ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәжілістегі үкімет сағатында мал дәрігерлерінің жалақысын көтеру жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Биылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мал дәрігері мамандарының жалақысы мемлекеттік тапсырыстарды орындауға арналған тарифтердің көтерілуіне байланысты орта есеппен 33,4%-ға өсті. Жыл соңына дейін еңбекақыны 60 пайызға дейін арттыру жоспарлануда.Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев

    Ведомство басшысы бәсекелестік сектор жоқ өңірлерде коммуналдық ветеринарлық кәсіпорындар ұсынатын ақылы қызмет көлемін арттыру жоспарланып жатқанын мәлімдеді. Осыған орай ол жер-жерде ақылы қызмет түрлерінің тарифі бекітіліп жатқанын тілге тиек етті.

    Тиісті заңдардың қабылдануымен келесі жылдан бастап КММ бойынша 50 пайыз және КМК мен КММ бойынша негізгі лауазымдық қызметақыға 140 пайыз үстемақы енгізу жоспарлануда. Сондай-ақ денсаулықты жақсартуға жәрдемақы ретінде екі лауазымдық жалақы төлеу енгізіліп жатыр. Бұл шаралар мамандықтың тартымдылығы мен беделін айтарлықтай арттырады деп ойлаймыз.Ербол Қарашөкеев

    Министрдің айтуынша, бүгінде ауыл шаруашылығы саласында ең аз еңбекақыны мал дәрігерлері алып отыр. Қазіргі таңда коммуналдық кәсіпорындардағы мал дәрігерлерінің орташа айлық жалақысы өңірлерге қарай 80 мыңнан 200 мыңға дейінгі аралықта.

    Республикадағы мал дәрігерлерінің орташа жасы – 40-55 жас. Ауыл шаруашылығы министрі ветеринария саласына жоғары білікті жас кадрлар жетіспейтінін атап өтті.

    Қазіргі қоғам тенденциясына сай келетін табыс табу мүмкіндігінің жоқтығы, ауыр еңбек жағдайлары, ауылдағы инфрақұрылымның дамымауы жастар арасында мал дәрігері мамандығының тартымсыз болуына әкеліп соқтырып отыр.Ербол Қарашөкеев

    қатысты посттар

    Аяусыз соққыға жығылған Бурабайдың экс-әкімі қайтыс болды

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова «Қазпошта» АҚ Басқарма Төрағасын қабылдады

    Фариза

    «Тауық пен сиырдың айырмашылығын білмейді» – Нұрлан Нығматулин Экология министріне ауылға баруға кеңес берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.