-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазақстанға жұмысқа орналасуға жыл басынан бері 6350 ресейлік келген

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов министрлік Украинамен соғыс жағдайында Ресейден еңбек нарығына жұмысшылардың келуі мүмкін жағдайды қадағалап отырғанын айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Вице-министрдің айтуынша, әзірге алаңдауға негіз жоқ. Жыл басынан бері Қазақстанға жұмысқа орналасу мақсатында 6350 ресейлік келген. Салыстыру үшін айта кетейік, өткен жылы Ресейден 18,8 мың адам келіпті. Елімізде барлығы 101 мыңнан астам ресейлік бар.

    «Жұмыс орындарын жоғалтып аламыз ба деген қорқыныш бар. Тәжірибе көрсеткендей, бұл жағдайдың оң жақтары да барын ескерген дұрыс. Бізге жоғары білікті мамандар, ірі компаниялар көбірек келеді. Бұл білім мен қабілет импорты. Ондай компаниялар бізге келсе, қазақстандықтармен білімдерін бөлісіп, осы жерден кәсіпорындар ашады. Бұл қосымша жұмыс орындары мен бюджетке түсетін салықтар артады дегенді білдіреді, — деді Біржанов.

    қатысты посттар

    Баян Алагөзова күйеуінің бизнесін рейдерлік жолмен тартып алғысы келгендердің аты-жөнін атады

    Фариза

    Маңғыстау облысы Баянды ауылындағы жолдың сын көтермейтін сапасы күлкіге айналды

    Фариза

    Қылмыс жасады деген күдікпен музыкант Бауыржан Әшіғалиевке іздеу салынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.