16 C
Алматы
Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Байқоңырды дамытуға арналған бағдарлама аясында қала жаңа кейіпке енеді

    Биыл Байқоңыр қаласын дамытудың 2020-2035 жылдарға арналған ұзақ мерзімді бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама алты бөлімнен тұрады. Қаланың сумен жабдықтау және кәріз жүйелері қайта жаңғыртылады, ғимараттар мен жолдар жөнделеді, демалыс аймақтары, қалалық саябақ пен скверлер абаттандырылып және әлеуметтік сауда, ойын сауық объектілері салынады.

    Нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамытудың 2020-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік 42 адамға 23 млн. теңге мемлекеттік грант берілді. Әлеуметтік жұмыстарға 57 адам жіберілді, жастар тәжірибесіне 118 адам, қоғамдық жұмыстарға 196 адам тартылды.

    «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасына» сәйкес, Байқоңыр қаласында, Төретам және Ақай елді мекендерінде электр желілерін реконструкциялау, көшелерді жөндеу және жарықтандыру, білім беру мекемелерін жөндеу бойынша жобалар жүзеге асырылуда. 610 жұмыс орны ашылды, оның 306-сы Байқоңыр қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы тартылды», – дейді ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқарма басшысының міндетін атқарушы Жан Шайхысламов.

    Байқоңыр қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 50 пәтерлі 5 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, ҚР азаматтарына берілді. Тағы 5 көппәтерлі тұрғын үйдің жоба-сметалық құжаты әзірленді. Құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталады. Қаладағы барлық яғни, 323 көпқабатты тұғын үй көгілдір отынға қосылды. Бұрын тұрғындар сұйылтылған газдың әр текше метріне 800 теңге төлеген болса, қазір табиғи газдың бағасы 20,7 теңге.

    қатысты посттар

    Павлодар облысында мемлекеттің қыруар ақшасына жөнделген мектеп ашылмай жатып қайта жабылды

    Фариза

    Қызылордада жылыжай шаруашылығы қарқынды дамуда

    Фариза

    “Сарқыт ішек ауруларын тудырады” деген санитар қатты сынға ұшырады

    Пікір қалдыру

    two + 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.