Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Әкім ауыл тұрғынын жақтастарымен бірге жабылып ұрды

    Солтүстік Қазақстан облысының Бұлақ ауылындағы Наурыз мейрамы кезінде әкім мен оның айналасындағы азаматтардан оңбай таяқ жеген 43 жастағы тұрғын Нұрлыбек Тыныбаевқа қатысты іс тергеліп жатыр.

    СҚО Полиция департаментіндегілер аталған мәселеге байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Аталған жайтқа байланысты ауылдық округ әкімі де, ауыл тұрғыны да бір-біріне қарсы арыз жазған.

    “Есіл ауданындағы Бұлақ ауылы тұрғынынан және ауылдық округтің әкімінен түскен арыз бойынша сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 107-бабы 1-бөлігімен (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама нәтижелері бойынша аталған оқиғаның мән-жайын толық зерделеуге негізделген процессуалдық шешім қабылданады”, — деді СҚО ПД баспасөз қызметіндегілер.

    Сондай-ақ, полицейлер жанжалға қатысқандарды медициналық куәландырудан өткізудің қорытындысы бойынша ауыл тұрғынының орташа деңгейде масаң күйде болғаны анықталғанын айтты.

    Айта кетейік, бұған дейін 43 жастағы ауыл тұрғынын 7 жігіт аяусыз сабап тастағаны жайлы ақпар тараған еді. Нұрлыбек Тыныбаевты тепкінің астына алғандардың арасында ауылдық округ әкімі Болат Бейсембаев та бар.

    КТК телеарнасының хабарлауынша, таяқ жеген жігіттің әкесі Серкелбай Тыныбеков өзі барып ажыратып алғанша баласын 2-3 сағат бойы оңдырмай ұрған. Тіпті қабырғасы, мұрны, көз маңайындағы жұқа сүйегі және қол шыбықтары сынып, ауруханаға түскен.

    Әкімнің кабинетінде, әкімнің ұйымдастыруымен көпшілік арақ ішкен. Сол жерде төбелес басталып, жеті-сегіз кісі менің баламды жабылып ұрып тастады. Өзім барып айырып алғанша екі-үш сағат бойы ұрған. Қазір балам ауыр халде ауруханада жатыр, — дейді Серкелбай Тыныбеков

    Десе де бұл жайтқа әкімнің айтар ойы басқа болып шықты. Тоғыз ай бұрын сайланған Болат Бейсембаев төбелеске таяқ жеген тұрғынның өзі кінәлі дегенді алға тартуда.

    Әкімшілікке ішімдіктер алып келді. Өте мас күйде болды. Сонымен бізді арандатты. Ғимараттан шық дегенімізге көнбей, құлап, құсып, сүрініп әлекке салды. Содан кейін осындай жағдай болды, — дейді әкім.

    қатысты посттар

    Арал ауданында эпидемиологиялық ахуал жақсарды

    Фариза

    Жаңа заң бойынша мүгедектігі бар адамға қандай жағдай жасалады

    Фариза

    Саяси реформаны талап еткен митингте трансгендер мінберде сөз сөйлемек болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.