7 C
Алматы
Вторник, 28 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Достық үшін алайық». Стақан соғыстырған балалар жұртты күлкіге қарық қылды

    Кішкентай балалардың достық туралы тілек айтып, стақан қағысқанын көрсететін бейнежазба көпшілікті күлкіге қарық қылды. Далада дастархан жайып, татулық туралы сөйлеген балаларды желі қолданушылары сөз етіп жатыр.

    Достық туралы тілек айтып, стақан соғыстырған балалар көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Үйдің іргесіне дастархан жайып, айнала қоршап отырған балалардың тілек айтып отырған сәтін терезеден біреу бейнежазбаға түсіріп алған. Бір-біріне «бір болайық» деп достық ниетін білдірген бала достарын ұрсыспауға шақыруды ұмытпады.

    •  

    «Осылай достығымыз ажырамасын. Бастысы, бірге жүрейік. Бір-бірімізбен ұрыспайық. Адам деген тілекті осылай айтады. Сол үшін алып қояйық», — дейді кішкентай баланың бірі.

    Бұл видеоға қатысты желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.

    «Бала көргенін істейді деген осы», «Тілек айтып отырған баланың әкесі алқаш сияқты ғой», «Бала тілі — бал», «Болашақ бөтелкелестер» деп жазды олар.

    Бұл бейнежазбаны көпшілік Тараз қаласында түсірілген десе, тағы бірі Ақтауда болған «басқосу» екенін айтқан.

    қатысты посттар

    Үш баламен терезеден секірген әйелдің ата-енесі келіні жайлы айтты – видео

    Фариза

    Жыл соңына дейін Шымкентте 9 мектеп пайдалануға беріледі

    Фариза

    «Тұншықтырып өлтіріп, кейін өртеп жіберген»: Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қыздың денесі табылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.