4 C
Алматы
Понедельник, 25 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Мас кезінде ұлының жөргегін ауыстырғысы келген ер адам алты айлық ұлын абайсызда өлтіріп алды

    Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны мас кезінде алты айлық баласын қолынан түсіріп алған. Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
    Сотталған М. қазір ШҚО бойынша ҚАЖД 156/6 қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда жазасын өтеп жатыр. Ер адам алты айлық ұлын өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
    Михаил (аты өзгертілген) мас кезінде ұлының жөргегін ауыстырғысы келгенін айтты.

    «Әйелім бір жаққа шығып кетті, ұлым залда жатқан, бір кезде жылай бастады. Ұлыммен серуендегім келді, жолда ішімдік сатып алып, үйге келдім. Оны шешіндіре бастадым, майка мен памперсі болды. Артынан оның жөргегі былғағанын көріп, памперсті шешіп, оны жуындырмақ болдым. Бала қолымда болды, оның үстін сүрттім. Дәлізде линолеум жыртылған еді, асханадан келе жатқанымда соған ілініп қалған болармын, сүрініп кеттім. Бала менің қолымнан ұшып, шкаф пен қабырға арасындағы бұрышқа құлап түсті», — дейді Михаил.

    Айтуынша, ер адам баланы құлаған жерінен көтеріп, залға апарып жатқызған. Бір кезде бала қырылдап, көкпеңбек болып кеткен.
    «Сол сәтте қабырғаны жұдырықпен ұрғаным есімде, не істеу керек екенін білмедім. Қолымда телефон да болмады. Пәтерден шығып, көршілерден көмек сұрадым. Көршім баланы қолына алып, жедел жәрдем шақырды. Барлығы осылай болады деп ойламадым, мас болғандықтан, не болғаны толық есімде қалмады. Әйелім мені кешірген жоқ, бірақ мен оны әдейі істеген жоқпын», — деп еске алды ол.
    Михаилдің айтуынша, колониядағы алғашқы күндер қиын өткен, оған мекеме психологтары көмектескен.
    «Қазір мен маскүнемдіктен айықтым, босатылғаннан кейін үйге ораламын, жұмыс табамын, әйелім мені кешірмеуі мүмкін, бірақ бәрі жақсы болады деп үміттенемін», — дейді сотталған Михаил.

    қатысты посттар

    Мұхтар Шахановтың ұлы қайтыс болды

    Фариза

    «Өлім туралы ойлаған жоқпын» Бозбала шағында қан майданға аттанған ардагердің әңгімесі

    Семейде 4 бірдей полицей қайтыс болған адамның телефоны мен ақшасын ұрлаған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.