13 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Түркістан облысында тәрбиеші 5 жасар баланы жертөлеге қамап қойған

    Сарыағаш ауданы Құркелес ауылындағы балабақшада тәрбиеші 5 жасар баланы жертөлеге қамап қойған. «Ақкөгершін» балабақшасындағы жағдайды облыстық полиция департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында анықтағаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    «Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен әлеуметтік желіге тараған «Сарыағаш ауданында ата-ана баланы балабақшаға жертөлеге яғни подвалға қамау үшін бере ме?» деп жарияланған пост анықталды. Бұл жазба бойынша Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің полицейлері мен ауданның прокуратура қызметкерлері бірден оқиға орнына шықты. Болған жайт анықталып, Сарыағаш АПБ-де тіркеуге алынды», – деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Сонымен қатар, аудан сақшылары балабақша қызметкерлерінен және кәмелет жасына толмаған баланың ата-анасынан жауап алып, қазір осы жайт бойынша тиісті шаралар атқарылуда.

    қатысты посттар

    Екібастұздағы маугли-балалар оқиғасына байланысты 20-ға жуық адам жазаланды

    Фариза

    Маңғыстауда емшіге жүгінген 8 жастағы бала бір қолынан айырылды

    Фариза

    Зейнеткер өз ұлын балғамен ұрып өлтірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen − nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.