13 C
Алматы
Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Түркістан облысында із-түзсіз жоғалған келіншек табылды

    Түркістан облысының полицейлері бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып, халықаралық іздеу жарияланған жас келіншекті жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде аман-есен тапты, – деп хабарлайды
    Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Еске салайық, Түркістан облысы Сауран ауданындағы полиция бөліміне жоғалып кеткен келіншектің анасы арызданған. Ол арызында қызы ауруханаға кететінін айтып, үйден шығып, із-түзсіз жоғалып кеткенін айтқан. 

    Жоғалған келіншекті жедел іздестіру мақсатында Түркістан облысы ПД басшысы, полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов бірқатар тапсырма беріп, бұл деректі жеке бақылауына алды. Түркістан облысы ПД басшысының орынбасары Құрманбек Саховтың басшылығымен тәжірибелі полицейлер іздеу жұмыстарымен айналысты. Сонымен қатар, іздеу жұмыстарымен қалалық және аудандық полиция департаменті бөлімдерінің қызметкерлері айналысқан.

    Тараз, Қызылорда, Шымкент және Алматы полицейлері де іздеу жұмыстарына кіріскен болатын. Келіншекке халықаралық іздеу де жарияланды. 

    Осылайша, күні-түні мұқият жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтижесінде Назым Алдаш Жамбыл облысының Жаңатас қаласынан табылды. Полицейлер Назымның азаматтық жұбайымен бірге болғанын анықтады. Қазіргі уақытта жас келіншектің жоғалу себептері тексеріліп жатыр. 

    қатысты посттар

    “Баламды үйден алып кеткен адамдарды жауапқа тартуды, әділдікті талап етемін” – Дулат Ағаділдің анасы

    Шымкентте көпбалалы ана ақшаның жетіспеуіне байланысты бір жарым жасар ұлын сатқан

    Фариза

    Экс-министрлер халық жадында несімен есте қалды?

    Пікір қалдыру

    3 + nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.