Пятница, 13 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазақстанда Абай, Ұлытау және Жетісу атты жаңа үш облыс құрылады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қапшағай қаласының атауын Қонаев деп өзгертуге қолдау көрсетуге әзір, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Бұл туралы Президент Қазақстан халқына жолдауында айтты. 

    «Біз ұлан ғайыр жерімізді ұлы тұлғаларымыздың есімімен ұрпақ санасында жаңғырта береміз. Мысалы Қапшағай қаласы халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер жұртшылық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсынса, мен бұл пікірге қосыламын», — деді Президент. 

    Айта кетейік, Қапшағай — Алматы облысы, Алматы қаласынан 53 шақырым жерде орналасқан қала. Қапшағай қаласы 1970 жылдары құрылған.

    Бүгінде 2 округ және 11 елді мекен бар. Қапшағай бөгетінің солтүстік батысында 20 шақырым жерде Іле өзенінің оң жағасында Тамғалы Тас орналасқан. Қапшағай өңірінде 61,6 мыңнан астам адам тұрады. Қала Қапшағай бөгені жағасында бой көтерген. Қапшағай халықтың ең көп демалатын жерлерінің бірі болып саналады

    қатысты посттар

    Биылғы мемлекеттік грант иегерлерінің толық тізімі жарияланды

    Жаңатастағы бес баланың өлімі. Аудан әкімі қызметінен босатылды

    Фариза

    Hayat-Vax вакцинасын алғандар екі жылға дейін жүктілікті жоспарламауы тиіс

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.