«Ақиқат» қоғамдық комиссиясының мүшесі Айман Омарова бүгінгі мәжіліс отырысында қасіретті қаңтар оқиғасына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) қызметкерлері қатысқанын мәлімдеді.
Айман Омарованың айтуынша, ҰҚК қызметкерлері Қасым-Жомарт Тоқаевтан ұлттық Қоғамдық кеңес құрып, саяси және басқа да реформаларды жүзеге асырғаны үшін кек алуға тырысқан.
«Президент адам құқықтарына ерекше назар аудара бастады. Бұл шексіз билікке ие, адамдарды қорқынышта ұстап отырған ҰҚК үшін оңайға соқпады. Жағдай олардың бақылауынан шыға бастады. Мүмкін сондықтан олар бейбіт митингілерді өз мақсаттары үшін қолданған шығар. Өйткені, «бейбіт жиналыстар туралы» Заңға өзгерістер енгізілгені белгілі. Онда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру ескерту сипатына ие бола бастады» деді қоғам белсендісі.
Омарова қаңтардағы тәртіпсіздікке газ бағасының өсуі бастау болғанымен, оның өрбуіне 5-6 жылда жиналған әлеуметтік-экономикалық проблемалар ғана түрткі болды деуге болмайтынын айтты.
«Билік өзгермейтін елде, қоғамның барлық саласында сыбайлас жемқорлық жайлап, ұлттық ресурстар «олигархтар» деп аталатын адамдардың белгілі бір тобында болған кезде мұндай оқиғаларды айналып өту мүмкін болмады. Халықтың сенімінен баяғыда айрылған құқық қорғау органдарын, сондай-ақ сот жүйесін айтпаса болмайды. Әсіресе, басшылығы мен қызметкерлері басқа құқық қорғау органдарына, прокуратураға және тіпті соттарға ғана емес, іс жүзінде шексіз билікке ие болған ҰҚК қызметіне назар аударғым келеді» дейді қоғам белсендісі.
Ол газ бағасы қасақана көтерілегінен сенімді.
«Қоғам 2011 жылы Жаңаөзенде болған оқиғалардан кейін Маңғыстау облысында болып жатқан митингілерге басқаша көзбен қарады. Халықтың, құқық қорғау органдарының, билік органдарының назары Маңғыстау облысына бағытталды» деді Омарова.
Дереккөз: Orda.kz