9 C
Алматы
Сенбі, 27 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қытай азаматтарын соққыға жыққан қазақ жігіттері жазаға тартылатын болды

    Қытай азаматтарымен төбелескен Алматы облысының бес азаматы екі айға қамалды. Бұл туралы күдіктілердің туған-туыстары айтты. Қамау туралы санкцияны облыстық сот берген.

    -Сот кешкі бестер шамасында басталды. Сағат түнгі тоғызға таман аяқталды. Біздің сотқа кіргізбеді. Естуімізше жәбірленушілер келмеді. Олар қытай консулымен бірге сотқа қатысуға ықлас танытыпты. Судья тергеуге дейін екі айға қамау туралы шешім шығарды. Кепілдікпен бостандыққа шығару үшін бес миллион қою керек, – дейді күдіктілердің ағасы Ербол Мұхаметалин.

    Қазір ҚК-тің 293-бабы 3 бөлімі, 107 бабы 2-бөлімі және 106 бабы 2-бөлімі бойынша Берікбол Рысалдинов, Бейбіт, Нұрбол Мұхаметалин және тағы бір ағайынды Сарқын пен Еркін Салқановтар айыпталып отыр.

    Алматы облыстық полиция департаментінің дерегінше 7 қазан күні «CITIC Construction» жұмысшылары арасында өндірістік қарым-қатынас негізінде төбелес болған. Қанат ЖАМБЫЛ есімді азаматты бірнеше шетелдік жұмысшы ұрған. Ертесінде бұл оқиға тағы бір кикілжіңге жалғасты. Яғни соққыға жыққан. Ресми ақпараттарға сүенсек төрт шетелдік азамат түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

    zhasalash.kz

    қатысты посттар

    “Атпен де сабаған…” – бес жыл құлдықта болған ер адам басынан өткен сұмдықтарды жайып салды

    Қызылорда облысында тойханалар өндіріс орнына айнала бастады

    Фариза

    Қызылордада пробация есебіндегі азаматтарға көмек көрсетілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 + six =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.