13 C
Алматы
Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазақстандағы егіс науқаны үшін диқандарға қосымша 70 миллиард теңге бөлінеді

    Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына бөлінетін қаржыға қосымша 70 млрд теңге қосу мүмкіндігі туралы айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Айдарбек Сапаров көктемгі егіс жұмыстарының ойдағыдай өтуінің басты мәселесі шаруаларды несиемен қамтамасыз ету екенін айтты.

    Қазір Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемін қосымша 70 млрд теңгеге ұлғайтып, бюджеттік несиелеудің жалпы көлемін 140 млрд теңгеге жеткізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл 70 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат бөлінуі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қолжетімді несиелеумен қамтуды ұлғайтып, қосымша 1300 шаруа қожалығын қаржыландыруға мүмкіндік береді.Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров

    Айдарбек Сапаров биыл «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмысын несиелендіруге 70 млрд теңге бюджеттік несие бөлінгенін еске салды.

    Бүгінде «Кең дала» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан ресми түрде 2 673 өтініш келіп түсті. Жалпы сомасы – 77,6 млрд.теңге. Оның ішінде:

    24,1 млрд.теңге сомасына ҚТЖҚ 720 өтінімі қаржыландырылды;

    40,4 млрд.теңге сомасына 1748 ҚТЖҚ өтінімі мақұлданды;

    13,1 млрд.теңге сомасына 205 ҚТҚБ өтініші қарастырылып жатыр.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында егінге тамыздың соңында орақ түседі

    Фариза

    Дәурен Абаев министрлер мен әкімдердің жалақысын сұрауды хайп деп атады

    Фариза

    Сыр елінде егін жинау науқаны қарқында жүруде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 − 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.