22 C
Алматы
Жексенбі, 19 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Еуропада коронавирустың «дельтакрон» деп аталатын жаңа түрі анықталды

    Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төтенше аурулар бөлімшесінің техникалық тобының жетекшісі Мария ван Керкхове мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, ДДСҰ жетекші эпидемиологы «дельтакрон» штамы Францияда, Нидерландыда, Данияда анықталғанын, бірақ жұғу деңгейі «өте төмен» екенін растады.

    «Дельтакрон» «дельта» AY.4 және «омикрон» BA.1/BA.2 штамы түрлерінің бірігуінен пайда болды.Мария ван Керкхове

    Ол ДДСҰ сарапшылары бұл нұсқаны 7 наурызда өткен кездесуде талқылағанын айтты.

    Қаңтар айының басында Кипр университетінің биологиялық ғылымдар факультетінің ғалымдар тобы COVID-19 жаңа штамы – «дельта» және «омикрон» гибридінің табылғаны туралы хабарлады. Ол кезде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы секвенирлеу кезінде үлгінің ластануы мүмкін екенін айтып, «дельткрон» атауын пайдаланбауды ұсынған-ды.

    қатысты посттар

    Алматыда “Ақкент” тұрғын үй кешені карантинге алынды

    Фариза

    Біртановтың кесірі: Үкімет басшысы мен облыс әкімі өз-өзін оқшаулады

    Фариза

    Жамбыл облысында 43 вакцинациялау пункті жұмыс жасауда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.