4 C
Алматы
Четверг, 21 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жемқорлық

    «Нұр жолы» кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары ұсталды

    Қытаймен шекарада «Нұр жолы» кеден бекетінің бірқатар шенеуніктерінің қылмыстық әрекеттеріне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    28 ақпанда Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі, Бас прокуратураның Қытаймен шекарадағы ішкі тергеу басқармасымен бірлесіп, «Нұр жолы» кеден бекетінде бірқатар шенеуніктердің қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

    Қадағалау органының қызметкеріне 50 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру фактісі анықталды. Оны дәл қылмыс үстінде ұстап, тиісті құжат толтырылды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

    Осы факті бойынша «Нұр жолы» кеден бекетінің басшысы мен оның орынбасары ұсталды.

    Бұл ретте инспекторларға 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара беріп, аса ірі көлемде тауар контрабандасын жасырғаны үшін уәкілетті экономикалық операторлардың бірінің өкілі ұсталды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

    Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

    Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді.

    қатысты посттар

    Қазақстандық миллиардерге қатысты алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс тергелуде

    Фариза

    Алматы қаласының жедел жәрдем басшысы қызметкерлеріне қысым көрсетіп, оларды бір-біріне айдап салуда

    Фариза

    203 млн теңге: Маңғыстауда күдіктілер қамауға алынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.