19 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жемқорлық

    203 млн теңге: Маңғыстауда күдіктілер қамауға алынды

    Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді қозғады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq ryhy порталына сілтеме жасап.

    Жедел-тергеу іс-шаралары барысында 2017 жылы «Бейнеу аудандық құрылыс бөлімі» ММ және мердігер ұйым арасында Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға ауылында 477,6 миллион теңге сомасына су тазартқыш қондырғысы мен ауыларалық су құбыры құрылысына мемлекеттік сатып алу шарты жасалғаны анықталды.

    Сот-құрылыс сараптамасының қорытындысына сәйкес, атқарылмаған жұмыстардың сомасы 203,6 миллион теңгені құрайды.

    Мемлекеттік мекемелердің құрылымдық бөлімшелерінің және құрылыс саласындағы мердігерлік ұйымдардың басшылары тұлғасындағы күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

    Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

    Фото: ашық дереккөзден

    қатысты посттар

    “Сыбайлас жемқорлыққа қатысым жоқ” Экс-министр Біртанов сотта мәлімдеме жасады

    Фариза

    Кеденде 165 миллиард теңгенің заңбұзушылығы анықталды – Бас прокуратура

    Фариза

    Astana LRT ісі бойынша сотталғандар аштық жариялады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.