19 C
Алматы
Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Желіде полицейлердің түрмеде сотталғандармен бірге түстеніп отырған суреті жарияланды

    Жазасын өтеп жатқандардың фото-видеосы ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Онда сотталғандар полицейлермен бірге аста-төк дастархан басында отыр.

    Түрмедегі фотолар Қарағанды облысы, Балқаш түрмесінде түсірілген, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Дастархан басында полицейлермен бірге түстеніп отырған жігіттердің фотоларын Facebook-те Руслан Лазута есімді қолданушы жариялады. Онда бір топ жазасын өтеуші бай дастарханның басында бас қосқан.

    Бұдан бөлек полицейлердің төсекте демалып жатқанын да байқауға болады. Жазба авторы “Түрмелерде телефондар, есірткілер, ішімдіктер, жезөкшелер қайдан келеді?” — деп оқырмандарына сұрақ тастаған.

    Фотодағы сотталушылардың және олармен бірге отырған полицейлердің кім екені әзірге белгісіз.

    қатысты посттар

    Мені қайтадан түрмеге қамауы мүмкін – Жәкішев

    Фариза

    Қостанай облысында зират жанынан жаңа туған нәрестенің денесі табылды

    Фариза

    Погон таққан адам тиісіп қылмыңдады деген Айсәуле не бүлдірген?

    Пікір қалдыру

    20 + sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.