6 C
Алматы
Суббота, 21 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Желіде полицейлердің түрмеде сотталғандармен бірге түстеніп отырған суреті жарияланды

    Жазасын өтеп жатқандардың фото-видеосы ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Онда сотталғандар полицейлермен бірге аста-төк дастархан басында отыр.

    Түрмедегі фотолар Қарағанды облысы, Балқаш түрмесінде түсірілген, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Дастархан басында полицейлермен бірге түстеніп отырған жігіттердің фотоларын Facebook-те Руслан Лазута есімді қолданушы жариялады. Онда бір топ жазасын өтеуші бай дастарханның басында бас қосқан.

    Бұдан бөлек полицейлердің төсекте демалып жатқанын да байқауға болады. Жазба авторы «Түрмелерде телефондар, есірткілер, ішімдіктер, жезөкшелер қайдан келеді?» — деп оқырмандарына сұрақ тастаған.

    Фотодағы сотталушылардың және олармен бірге отырған полицейлердің кім екені әзірге белгісіз.

    қатысты посттар

    Бүгінгі қоғамның санасы жиіркенішті деңгейге түсіп кеткені қалай? Суреттер сөйлесін

    Фариза

    Ерейментау әкімдігінің қызметкерлері аза тұту күнінде жаңа жыл мерекесін тойлаған

    Фариза

    Ұшаққа отырған ауғандардың жаншошырлық суреті жарияланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.