14 C
Алматы
Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

    Алматы маңында оқ-дәрі мен “Молотов коктейлі” жасырылған орын табылды, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

    “Дархан” ықшамауданының тұрғыны қару-жарақты байқап, бірден дабыл қаққан. Оның айтуынша, туннельден оқ-дәрі салынған пакет тауып алған. Жедел-тергеу тобы оқиға орнын тексеру нәтижесінде гранаталар, 5,45 миллиметр калибрлі оқ-дәрі, 9 миллиметр калибрлі оқ-дәрі, 2,3 калибрлі оқ-дәрі, револьвер, “Молотов коктейлін” тәркіледі.

    “Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлімі бойынша тіркелді. Оқиғаның мән-жайы жедел іс-шаралар барысында анықталады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Абырой болғанда, өмірге қауіп төндіретін заттар салынған пакетті балалар тауып алмады”, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

     

     

    қатысты посттар

    Қызылордада «Дәрігерлер аллеясы» салынуда

    Фариза

    Қайғылы оқиға: “86 адам қаза тапты”. АҚШ жұртын дүрліктірген оқиға

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Жалағаш ауданының эпидемиологиялық ахуалына қатысты селектор өтті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.