Четверг, 13 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

    Алматы маңында оқ-дәрі мен «Молотов коктейлі» жасырылған орын табылды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

    «Дархан» ықшамауданының тұрғыны қару-жарақты байқап, бірден дабыл қаққан. Оның айтуынша, туннельден оқ-дәрі салынған пакет тауып алған. Жедел-тергеу тобы оқиға орнын тексеру нәтижесінде гранаталар, 5,45 миллиметр калибрлі оқ-дәрі, 9 миллиметр калибрлі оқ-дәрі, 2,3 калибрлі оқ-дәрі, револьвер, «Молотов коктейлін» тәркіледі.

    «Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлімі бойынша тіркелді. Оқиғаның мән-жайы жедел іс-шаралар барысында анықталады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Абырой болғанда, өмірге қауіп төндіретін заттар салынған пакетті балалар тауып алмады», — деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

     

     

    қатысты посттар

    Бүгін – Тұңғыш Президент күні

    Фариза

    Қазақстанда жыл соңына дейін ет пен жұмыртқа бағасының өсуі күтілуде

    Фариза

    Армия халықаралық ойындары – 2020 аяқталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.