Воскресенье, 28 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазақстаннан заңсыз шығарылған қаржы елге қайтарыла ма? Министр жауап берді

    Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстаннан заңсыз шығарылған қаражат пен онда сатып алынған активтерді қайтару бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Шетелге заңсыз әкетілген және онда сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі ұсыныстар бойынша: бүгінгі таңда салықтық әкімшілендіру мақсатында ақпараттық алмасу бөлігінде халықаралық құқықтық база дайындалды. Атап айтқанда, қаржылық шоттар бойынша автоматты түрде ақпарат алмасу туралы көпжақты келісім шеңберінде 62 юрисдикциядан ақпарат алу рәсімделді, — Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев

    Cондай-ақ ол барлық мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен жұмыс тобы құрылып жатқанын мәлімдеді.

    Капиталды елге қайтару және шетелге, оның ішінде оффшорлық юрисдикцияларға қаражаттың кетуіне қарсы бағытталған шараларды күшейту жөнінде нақты ұсыныстар дайындалуда, — Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев

    қатысты посттар

    ҚЫЗЫЛОРДАДА 43482 АДАМҒА ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРІЛДІ

    Фариза

    Электр энергиясы үшін есеп айырысу жүзеге асу шарттары

    Фариза

    Қызылордада экономикалық және бюджеттік саясат мәселелері жөнінде кеңес өтті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.