4 C
Алматы
Понедельник, 25 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    75 миллион теңге қарыз алып құмар ойынға тіккен Леңгір тұрғыны жоғалып кетті

    Леңгір тұрғыны 75 миллион теңге қарыз алып құмар ойынға тіккен, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

    Төле би АПБ-ға Леңгір қаласының тұрғыны арызданды. Оның айтуынша 30 жастағы ұлы үйінен  белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған. Сондай-ақ анасының өз баласын іздеп жүргеніне төрт тәулік болған. Алайда іздеу жұмыстарынан нәтиже шықпаған соң, полицейлерге хабарласқан.

    Төле би АПБ қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Жоғалған ер-азаматты табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізді. Қала көшелерін тексеріп, фотосуретін көрсету арқылы тұрғындар арасында сұрастыру жұмыстарын жасады. Республика көлемінде тәртіп сақшыларына бағыттамалар жолданып, жоғалған жігіттің айрықша белгілері хабарланды. Жақындары мен туыстары, таныстары мен баруы мүмкін жерлер мұқият тексерілді. Іздеу жұмыстарына Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция, жедел уәкілдер мен патрульдік полицейлер жұмылдырылды.

    Осылайша, іздеу жұмыстарына бір апта уақыт жұмсалды. Нәтижесінде, Түркістан полицейлері жоғалған жігітті Алматы қаласында жүрген жерінен тапты.

    Белгілі болғандай, табылған жігіт өзінің таныстарынан 75 миллион теңге қарызға ақша алып, оны құмар ойынға жұмсап жіберген. Ол өз сөзінде қарызға алған ақшаларын қайтара алмағандықтан, Алматы қаласына қашып кетуге мәжбүр болғанын жеткізді.   

    қатысты посттар

    БҚО-да «10 жастағы оқушының зорланғанын жасырды» деп айыпталған директор 3 жылға сотталды

    Фариза

    Халық Бейсен Құранбекті соңғы сапарға шығарып салды

    Фариза

    Атырауда аяғы ауыр келіншек көпірден секіріп кетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 + 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.