6 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазақстанда әскери қызметке баруға жастардың ынтасы жоқ – сенатор

    Сенат депутаты Бекболат Орынбеков үкіметті қазақстандық жастарды әскери борышын өтеуге барынша ынталандыруға шақырды, деп хабаралайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Премьер-министрдің атына жолданған депутаттық сауалында сенатор жастарды әскери қызметке шақыруға қатысты жүйелі мәселелерге назар аударып, оларды шешу үшін бірқатар ұсыныстар айтты. Депутат бұл мәселені қаңтар айында болған қайғылы оқиғадан кейін парламент мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде ел президенті де көтергенін атап өтті. Сенатор жастардың мерзімді әскери қызмет өткеруге деген ынтасы жоқ екенін атап өтті.

    Мәселен, 2021 жылы жергілікті әскери басқару органдарында 215 мың 105 адам мерзімді әскери қызметке шақырылуға тиіс болып, оның ішінен қарулы күштерге және басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға – 32 мың 064 адам шақырылды. Қалған 183 мың 041 адам немесе әскерге шақыруға жататын жастардың 85 проценті түрлі себептер бойынша әскерге шақырудан кейінге қалдырылды немесе толығымен босатылды, – Сенат депутаты Бекболат Орынбеков

    Оның айтуынша, әскери жасақтарды құрудағы проблемалардың негізгі себептері мыналар:

    • Әскери қызметтен жалтару немесе бас тарту. Сондай-ақ, заңнамада әскери міндеттілердің әскери қызметтен бас тартқаны үшін жауапкершілік қарастырылмаған.
    • Әскерге шақыру жасындағы азаматтардың ішкі көші-қоны, бұл кезекті әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруда қосымша қиындықтар туғызады, өйткені шақырылған адам ескерту немесе іздестіру кезінде басқа қаланың немесе ауданның аумағында болады. Мәселен, бүгінде әскерге шақырудан жалтарған немесе іздеуде жүрген 39 563-ке жуық азамат бар.
    • Сонымен қатар, әскери қызметшілердің өз-өзіне қол жұмсау және басқа да құқық бұзушылық фактілері бар.

    Сенатор өзінің депутаттық сауалында үкіметке әскерге шақыру-есепке алу жұмысының сапасын жақсарту және жастарды әскери борышын орындауға ынталандыру үшін бірқатар нақты ұсыныстар жіберді.

    Мерзімді әскери қызмет өткерген жастарға қабылдау емтихандарын тапсыру кезінде қосымша балдар беруге, мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңінде техникалық және одан әрі жұмысқа орналастыру үшін инженерлік-құрылыс мамандықтары бойынша оқытуды ұйымдастыруға болады, – Сенат депутаты Бекболат Орынбеков

    қатысты посттар

    Каспий банк шоттарында ақша жоғалып жатыр

    Фариза

    Қазақстан запастағы офицерлерді әскерге шақыруы мүмкін

    Фариза

    Қызылорда облысында азық-түлік бағасы бақылауда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.