16 C
Алматы
Жексенбі, 12 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Үкімет басшысы жаңа Қазақстан қалай болатынын айтты

    Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.

    Жұмысқа кіріскеніне 1 ай болған Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Президент алдында былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму барысын қорытындылап, 2022 жылғы арналған жоспарды таныстырды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Сонымен ел Үкіметі келесі маңызды шараларды қабылдап, орындайтын болды:

    • Шикі және тауарлық газдың бағасы 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін 2021 жылғы желтоқсандағы мөлшер бойынша бекітіледі.
    • Су ресурстарына ұқыпты пайдаланып, суға объективті ақы белгілеу үшін 2023 жылдан бастап суды тұтыну көлемі бойынша жаңа тариф енгізіледі.
    • Тиімділікті және жалпы әлеуметтік-экономикалық қайтарымды арттыру үшін мемлекет “Самұрық-Қазына” мен “Бәйтерек” Ұлттық компаниялары түбегейлі реформаланады.
    • “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасын, оның ішінде олардың шағын және орта бизнесті қолдау бойынша жұмыс тиімділігін анықтау үшін талдау жүргізіледі.
    • Халықтың эконом кластағы отандық автомобильдерді сатып алуы үшін жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасына 100 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді.
    • Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында оларға арналған әлеуметтік кепілдіктер ұлғайтылып, жалақылары 20-30 пайызға көтеріледі.
    • Автокөлік пен ауыл шаруашылығы техникасынана салынатын утилизациялық алым ставкалары айтарлықтай азаяды.

    қатысты посттар

    Шеруге шықпақ болғандарды полиция ұстап, алаңда күзет күшейді

    Фариза

    Елде үлкен өзгеріс! Отыз жылға жуық билікке сенім артпаған халық Тоқаевқа үміт артып, жылы лебіз білдіруде

    Фариза

    “Құтқарыңдар!” деп айқайлаған аянышты дауыстарды біз 24 сағат естіп тұрамыз” Сайрагүл Сауытбай Қытайдың қайта тәрбиелеу лагеріндегі жантүршігерлік жағдайлар туралы айтып берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.