11 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Елде үлкен өзгеріс! Отыз жылға жуық билікке сенім артпаған халық Тоқаевқа үміт артып, жылы лебіз білдіруде

    Бүгін ел Президеті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Бір жылдан аса Президент қызметін атқарып келе жатқан Тоқаев өзінің туған күнін тойлап, мереке еткенді ұнатпаса да, әлеуметтік желілердегі азаматтардың тоқтаусыз құттықтаулары мен ізгі тілектері, алғыстары бұл күнді мерекеге айналдырып жіберді.

    Бұл – еліміздегі өте үлкен өзгеріс. Себебі, 30 жылға жуық ел басқарған Елбасы туған күні үлкен көлемде мереке етіп белгіленіп, аталып өтілгенімен, халықтың мұндай жүрек жарды тілек арнауы Қазақстан тарихында бірінші рет орын алып отыр.

     

    Назарбаевтың қолшоқпары деп санаған Тоқаевқа бүгінгі таңда халықтың үлкен үмітпен қарайтындығына көзіміз жетіп отыр. Иә, расында, Президент сайлауы қарсаңында халық: Тоқаев Назарбаевтың саясатын жалғастырады, Қосановқа дауыс берейік, – деп, дауыс беру мекемесін, бір тәулік бойы күзеткендер болды. Дегенмен, қазіргі таңда сол Қосанов істеймін деп, халықты риза етіп, уәде еткен іс-әрекеттің бәрін де Тоқаев жүзеге асырап, халықтың үніне құлақ асатын Президентке айналып отыр. Оған дәлел ретінде бүгінгі әлеуметтік желілердегі жылы лебіздер мен тілектер дәлел бола алады. Тіпті, биліктің әрбір ісін сынға алып отыратын қоғам белсенділерінің өзі Президентті туған күнімен құттықтап, оған ізгі тілектерін арнады. Соның бірі қоғамдағы маңызды мәселелерді назардан тыс қалдырмай, тіке айтатын Әсел Баяндарова:

    Қоғам белсенділерінен бөлек журналистерде Президентімізді туған күнімен құттықтап, оған сенім артандығын жазуда.

    Ал әлеуметтік желілердегі халықтың құттықтаулары тоқтаусыз, тіпті, Facebook әлеуметтік желісі бүгінгі күнді Тоқавқа арнағандай көрініс табасың:

    Бұл құттықтаулар, ізгі тілектер, шындығында да, халықтың Президентке риза екендігін, оған үміт артатындарын айқын көрсетеді.

    Ел “мебель” деп атап, қолын бір сілтеген Тоқаевқа деген халықтың көзқарастары айтарлықтай өзгерді деп айтуға негіз бар. Расында, Президент болған уақыттан 1 жылдан аса уақыт қана өтсе де, халықтың ыңғайына қарай негізделген өзгерістер енгізіп, ашу-ызаға булыққан халықтың көңілін тауып, алығысын алып отыр.

    Тоқтаусыз митингілер, “Шал, кет” деп ұрандап, айқайлап көше кезіп, әділдіктерін іздеген халық, үлкен-кішісіне қарамай, арнайы жасақтардың қолына ұсталып, түрмелерге тоғытылған азаматтар, ия, Президент сайлауына дейін мұндай бас көтерулер тоқтаусыз орын алды. Ал қазір дәл сол кездегі халықтың ашу-ызасы мен тобымен айқайлап көше аралаған адамдарды көрмейміз. Бұл да бір елімізде орын алған оңды жаңалықтардың басы әрі негізгісі деп білеміз.

    Фариза Жомартқызы

    қатысты посттар

    Халық зорға қол жеткізген 42 500 теңгені тартып алуда: Банктердің пайдасы елдің қиыншылығынан да, Тоқаевтың бұйрығынан да маңызды

    Фариза

    “Уақытша ғана нәрсе екен…” – Тоқаев өз ойын ашық білдірді (видео)

    ШҚО әкімі қытайларға 40 мың гектар жер беретін болды

    Пікір қалдыру

    two × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.