-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Білім және ғылым

    14 ақпаннан бастап барлық оқушылар офлайн оқуға көшеді

    Білім және ғылым министрлігі ақпаратты растады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мектептерді толыққанды офлайн оқыту форматына көшіру мәселесі қаралды. Нәтижесінде 2022 жылдың 14 ақпанынан бастап барлық сынып оқушылары дәстүрлі оқыту форматына көшеді.Білім және ғылым министрлігі

    Еске сала кетейік, Премьер министр орынбасары Ералы Тоғжанов келесі аптада оқушыларды офлайн оқытуға көшіру жоспарланып отырғанын айтқан еді

    Ералы Тоғжанов эпидемиологиялық жағдай бірте-бірте тұрақталып келе жатқанын айтты.

    Коронавирус көрсеткіші тәулігіне 16 мыңнан 2 мыңға дейін төмендеді. Мұндай нәтиже билікке карантин шектеулерін жұмсартуға мүмкіндік берді.Ералы Тоғжанов

    Айта кетейік, өткен өңіраралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 2022 жылдың 24 қаңтарынан бастап 600-ге дейін оқушысы бар мектептер толыққанды офлайн оқытуға көшті.

    600-ден астам оқушысы бар мектептерде офлайн оқыту негізінен 50%-дан аспайтын сыйымдылықпен 1-4 сынып оқушылары үшін жүзеге асты.

    қатысты посттар

    Балаларды «ақымақ маймылдар» деп атаған мұғаліміге қатаң сөгіс жарияланды

    Фариза

    Жаңа оқу жылында студенттердің шәкіртақысы 20%-ға артады — БҒМ

    Фариза

    «12 мектеп – өзбек тілінде, 11 мектеп – ұйғыр тілінде»: сенатор аралас мектептердің көбейгенін жеткізді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one + twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.