Воскресенье, 15 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Алматыда әкімдерді сайлау талап етілетін митинг өтеді

    Алматы әкімдігі елде әкімдерді сайлауды енгізуді талап еткен белсенділерге митинг өткізуге рұқсат берді. Бұл туралы белсенді Марат Тұрымбетов Facebook-парақшасында мәлімдеді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Жиын 5 ақпанда сағат 12.00-ден сағат 14.00-ге дейін Шоқан Уәлиханов ескерткіші маңында өтеді. Белсенділер талабы бойынша, Алматы қаласының әкімін халық таңдауы керек.

    Бұл жиынды өткізуге қала әкімдігі рұқсат берді, деді Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков.

    Белсенді Марат Тұрымбетов бұдан бір күн бұрын Алматы әкімдігі «Qantar 2022» аза тұту митингісін өткізуге рұқсат бермегенін де айтты. Олар митингіні 13 ақпанды өткізгісі келген. Митинг өткізуге рұқсат бермеудің ресми себебі — қаладағы эпидемиологиялық жағдай.

    қатысты посттар

    Жоғары сот кеңесі «ірі көлемде пара алды» деген күдікке ілінген судьяға қатысты пікір білдірді

    Фариза

    Қармақшы ауданы: 40 жоба, 809 жаңа жұмыс орны

    Фариза

    Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы өндірісін субсиядиялау жалғасуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.