24 C
Алматы
Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада су тасқынының алдын алуға 993,5 млн. теңге бөлінді

    Биыл су тасқынына қарсы іс-шараларды ұйымдастыру үшін 993,5 млн. теңге бөлінді. Оның 350 миллион теңгесі республикалық, 643,5 миллион теңгесі облыстық бюджеттен қаралған.

    «Бұл қаржыға жалпы ұзындығы 70,1 шақырымды құрайтын 10 қауіпті учаскені жөндеу мен арнаны қазу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 4 учаскеде тиісті жұмыстар аяқталды. Қалғандарында жұмыс жалғасуда», – дейді облыстық жұмылдыру дайындығы басқарма басшысының міндетін атқарушы Талғат Исмағұлов.

    Жалпы бөлінген қаржыға дарияның осал жерлеріндегі қорғаныс бөгеттері нығайтылады, қыстың күні мұз жару жұмыстары жүргізіледі. Қап сатып алынып, тікұшақпен қамтамасыз етіледі.

    қатысты посттар

    Жалағашта спорт мектебі күрделі жөндеуден өтуде

    Фариза

    “Өмірімізді қайтеміз енді, амал жоқ” – Арыстағы банк күзетшісі жұмыс орнын тастамай отыр

    Макс Боқаев үш жыл бойы әкімшілік қадағалауда болады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.