Суббота, 14 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Газпром» АҚ директорлар кеңесінің құрамына Тимур Құлыбаевтың кандидатурасы ұсынылды

    Ресей федерациясы үкіметінің құқықтық ақпарат сайтында жауапты қызметке ұсынылған тұлғаларға қатысты ақпарат жарияланды.

    Тәуелсіз директорлар кеңесіне үміткерлер тізімінде үш кандидат бар. Олардың бірі Тимур Құлыбаев, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Ресей федерациясының үкіметі «Газпром» АҚ директорлар кеңесінің құрамына KAZENERGY мұнай-газ және энергетика секторы ұйымдарының қазақстандық қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаевтың кандидатурасын ұсынды.

    Тәуелсіз директорлар тізімінде тағы екі үміткер бар. Олар — Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің ректоры Виктор Мартынов пен Ресей Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясының ректоры Владимир Мау, — деп жазылған хабарламада.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында жылу маусымына дайындық барысы бақылауда

    Фариза

    Қызылорда облысының Арал ауданында білім саласына биыл 12 млрд қаржы бөлінген

    Фариза

    «Луговая» — Түрксіб, «Зыряновск» — Алтай болып өзгертілмек

    Пікір қалдыру

    5 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.