Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сырдариялық кәсіпкер оқушыларға планшеттер алып берді

    Биылғы оқу жылы карантиндік талаптарға сәйкес қашықтан оқытыланы белгілі. Осы ретте, оқушыларды электронды құрылғылармен қамтамасыз ету маңызды. Бұл іске жанашыр азаматтар, кәсіпкерлер мен шаруашылық төрағалары қолдау білдіруде. Осындай қамқор жандардың қатарында Сырдария ауданынан «А.Тоқмағамбетов Жер» ЖШС-нің төрағасы Бақытжан Жақып та бар.

    Ауылдағы шаруашылық тізгінін қолға алған төраға Құрбан айт мерекесінде елді мекендегі 30 үйге 300 мың теңге көлемінде азық-түлікпен көмек көрсеткен болатын. Енді жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың білім алуына қажетті 20 планшетті сыйға тартып отыр.

    Бақытжан Жақып елді мекендегі көп балалы, аз қамтылған отбасы үйлеріне арнайы барып, келе жатқан білім күнімен құттықтады. Сондай-ақ электронды құрылғыларды табыс етіп, жастардың сапалы білім алуына тілекші екенін жеткізді.

    Осындай жанашыр азаматтардың қолдауының нәтижесінде карантиндік талаптарда оқушылардың білім игеруіне мол мүмкіндік жасалуда.

    қатысты посттар

    Қызылордалықтар МӘМС қорына 9,8 млрд. теңге аударды

    Фариза

    Баланы ұрлап әкетпек болды: полиция желіде тараған видеоға қатысты түсініктеме берді

    Қызылорда облысының әкімі медицина қызметкерлерімен онлайн кездесу өткізді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    8 + 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.