8 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Әкімдікке басып кірген көпбалалы аналар ұсталды

    Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде облыс әкімдігіне бір топ адамның, оның ішінде әйелдердің қалай басып кіргенін көрсететін видеоны жариялады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Тәртіпсіздік кезінде көпшілікпен бірге облыстық әкімдіктің ғимаратына басып кірген екі көпбалалы ана қамауға алынды. Олардың бірі – 7 баланың анасы. Оның ең кенже баласы – 7 айлық. Ал ұсталған екінші әйелдің 5 баласы бар.

    Қызылордада 5 қаңтарда болған жаппай тәртіпсіздік кезінде 2 әйел митингке қатысушылармен бірге облыс әкімдігінің ғимаратына заңсыз басып кіріп, жаппай тәртіпсіздік жасаған. Видеодан көрініп тұрғандай, Н.Ж. және Б.З. құқық қорғау қызметкерлеріне тас лақтырып, әкімдіктің темір қоршауына шығып, балағат сөздер айтты.Полиция департаментінің баспасөз қызметі

    Ұсталған әйелдерге қатысты Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігі (Жаппай тәртіпсіздікке қатысу) бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

    Қазіргі уақытта 2 әйел де қылмыстық әрекеттерін толық мойындады. Денсаулықтары мен қамқорлығында кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескере отырып, негізгі жаза – үйқамаққа ауыстырылды.

    қатысты посттар

    Халал мен харамды ажырата білесіз бе?

    Фариза

    Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

    Фариза

    “Қайыр сұрап жүрген балаларға садақа бермеңіздер…” – Аружан Саин

    Пікір қалдыру

    two × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.