Суббота, 7 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде қамауға алынғандарды іздеуге арналған телефон нөмірі жарияланды

    Алматы ПД қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде тұтқындалғандарды іздеуге арналған байланыс орталығының нөмірін жариялады, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Азаматтарға тергеу изоляторларында отырған адамдар және басқа да мәселелер бойынша ақпарат алу үшін call-орталыққа жүгінуге болады. Call-орталыққа адвокаттар да хабарласа алады.

    «Азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтау бойынша шаралар қабылданып жатқанына сендіргім келеді. Бәрі сот санкциясы бойынша ұсталғанын айтқым келеді. Сондықтан «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасымен келіспеген жағдайда азаматтар прокуратура органдарына заң шеңберінде жүгіне алады», — деп жазды Алматы ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов өзінің Instagram парақшасында.

    Алматы қаласы бойынша ҚАЖД нөмірі: +7(727)290-19-01.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Шиелі ауданының ахуалын тексерді

    Фариза

    Тағдыр дегеніміз не? Оны қалай түсінген дұрыс?

    Қытайды зерттеуші Сыроежкин сатқын атанып, сотталуда

    Пікір қалдыру

    nineteen − seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.