Понедельник, 8 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Назарбаев даңғылын қайта Фурманов көшесіне «ауыстырды»

    Мемлекеттік Хабар арнасы ақпарат тарату барысында Назарбаев даңғылын Фурманов көшесі деп атады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    «Алматы қаласының полицейлері шаһардағы орталық көшелерінің екі бірдей участкасын жауып тастады. Қазір онда лаңкестікке қарсы операция жүргізіліп жатыр. Бұл ақпаратты Полиция департаменті растады. Атап айтқанда Абылай хан даңғылының Мақатаев көшесінен Бөгенбай көшесіне дейінгі және Толе би көшесінің Желтоқсан, Фурманов қиылысына дейін жабылды», — деп хабарлады арнаның тілшісі.

    Естеріңізге сала кетсек, бейбіт митингке шыққан тұрғындар қазіргі Нұр-сұлтан қаласына бұрынғы атауын қайтарып беруін сұраған болатын. Сондай-ақ Алматыдағы болған қақтығыс кезінде Назарбаев даңғылындағы көше аты жазылған белгілерді түгел дерлік қала халқы қиратып кеткен.

    Қазақстанның тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың есімі Иорданияның Амман қаласындағы және Шешен Республикасының Грозный қаласындағы көшелердің біріне берілген болатын. Бұлардан өзге, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің есімімен Түркияның бірнеше қалаларының көшелері аталады, Татарстан астанасы Қазаннның магистральды көшесіне Елбасы есімі берілген. 

    қатысты посттар

    Қазалы ауданында электрмен жабдықтау жұмыстары аяқталды

    Фариза

    Қазалының Ақсуат ауылында жаңа балабақша пайдалануға берілді

    Фариза

    Қызылордада «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 153 жоба іске асырылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.