-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    16 жастағы қыздың өлімі Шымкент жұртын шошытты

    Шымкентте 16 жастағы оқушы қыз бесінші қабаттағы терезеден құлап кетті. Ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлер қызды аман алып қала алмады, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv және OTYRAR сайттарына сілтеме жасап.

    Қайғылы оқиға екі күн бұрын Асар-2 ықшамауданында таңғы сағат 11-де болған. Марқұмның көршілерінің айтуынша, қыз мейірімді және әдепті болған. Сондықтан оның мұндай қадамға баруына не түрткі болғаны беймәлім. Жазатайым оқиға болуы мүмкін екені де жоққа шығарылмайды. 

    «Әлі сене алар емеспіз. Үлгілі отбасы болатын. Ата-анасы жақсы, қызы тәрбиелі. Намаз оқиды, хиджаб киеді. Ата-анасынан жаман әдет байқалмайды. Олар не ішкенін, не темекі шеккенін көрмеппіз», — дейді жергілікті тұрғын Айгүл Қораласбаева.

    Дәрігерлердің айтуынша, биіктен құлаған оқушы қыз комаға түскен, көп жарақат алған. Дәрігерлер қыздың өмірі үшін 12 сағат бойы күрескенімен, нәтиже болмады.

    «21 желтоқсанда сағат 11:15-те 2005 жылы туған қыз қайтыс болды. Оған ашық бас-ми жарақаты, бас-ми контузиясы, бассүйек ішілік гематома, мидың ісінуі, жабық ығысқан лоб-ихиальды сынық, екі өкшесінің ашық сынығы, іш қуысы жарақаты және ауыр травматикалық шок диагнозы қойылды», — деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Нахипова.

    Полиция қылмыстық іс қозғады.

    «Деректі Қаратау ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 3-бөлігі («Кәмелетке толмаған адамға қатысты өз-өзіне қол жұмсауға апару») бойынша ТЖД тіркеуге алды. Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс бойынша сот тергеуі жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін басқа мәлімет жария етуге жатпайды», — деді Шымкент қалалық ІІБ бөлімшесінің ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің басшысы Мөлдір Бекеева.

    Енді полицейлер бұл суицид пе, әлде оқыс оқиға ма, анықтауы керек.

    Бейресми мәлімет бойынша, төтенше жағдай болған күні пәтерде қыздың сыныптастары болған. Осыған байланысты әке мен қызы арасында жанжал туындаған. Ол кезде қыздың анасы басқа қалада жұмыста болған.

    қатысты посттар

    Қарызға белшесінен батқан қазақстандық жігіт жүрегін сатпақшы

    Фариза

    Сауд Арабиясы коронавирус көп тіркелген елдер тізіміне Қазақстанды да қосып жіберген

    Фариза

    Бір өзі 10 жігітті құлататындай мықты болған Дулат Ағаділ жүрек талмасынан қаза тапты дегенге сену қиын (видео)

    Пікір қалдыру

    eighteen − thirteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.