14 C
Алматы
Жексенбі, 5 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    ШҚО-да тыл еңбеккері аурухананы концлагермен салыстырды

    Шығыс Қазақстан облысында тұратын тыл еңбеккері қалалық ауруханадағы қарым-қатынасты концлагермен салыстырды, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Желідегі жергілікті топтардың бірінде оқырман шекесінде үлкен ісігі бар зейнеткердің суретін жарияланды. Әйел Риддердегі қалалық ауруханада емделіп жатқан анасына, тыл еңбеккеріне күтім жасалмағанына, медбикелердің қарым-қатынасына шағымданды.

    “Бүгін анамды ауруханадан алып шықтық, сұмдық! 22 наурызда түнде ол сүйрегішінен құлап, түні бойы суық еденде жатқан, мұны екі жұмысшы көре тұра шай ішіп отыра берген. Таңертең бір ер адам көтерген, кейін медбикелер келіп қол-аяғын қолы ауырып, аяғы тартылғанша байлаған, маңдайында үлкен ісік бар, тамақ бермеген, күтім нөл. Анам, тыл еңбеккері бұл аурухана емес, концлагерь екенін айтты, кімге шағымдануға болады?”, – деп жазды әйел.

    Жазба авторымен әлі байланыса алмадық, бірақ ШҚО денсаулық сақтау басқармасы бұл деректі жоққа шығармады.

    “Қызметтік тексеру үшін комиссия құрылды. Бүгін отырыс болады. Хабарлама авторы шақырылды”, – делінген “Риддер қалалық ауруханасы” ШЖҚ КМК ресми хатында.

    қатысты посттар

    Қазақтың қара домбрасын жерге ұрып сындырған жігіт көпшіліктің ашуын туғызды (видео)

    Фариза

    Нұр-Сұлтанда ұйықтап жатқан екі полицейді видеоға түсіріп, оларды бопсалаған азамат жазаланды

    Фариза

    Алматыда 1276 көп балалы отбасы пәтерге кезекте тұр

    Пікір қалдыру

    nineteen − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.