-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Шымкентте күдікті Полиция департаменті ғимаратында көз жұмды

    Шымкентте Полиция департаменті ғимаратында көз жұмған 31 жастағы жігіт — Қостанай тұрғыны. Шымкентке болашақ жарын алып кетуге келген екен. Марқұмның әкесі ұлының өліміне полицейлерді кінәлайды. Айтуынша, жауап алу кезінде ұлын шенділер ұрып-соққан. Оны көрген куәгерлер де бар екен, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Марқұмның әкесі, Ерғара Жұмабаев, ұлымен видеобайланыс арқылы сөйлесіп тұрған сәтте полицейлер қолына кісен салып алып кеткенін айтады. Оқиға 8-қарашада, күндізді сағат 12-лер шамасында болған. Арада төрт сағаттай уақыттан соң ұлының қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды естіпті.

    «Жүрегі ұстап, қайтыс болды деп отыр. Ұлымның денсаулығында ешбір кінәрат болмаған. Өзі спортпен айналысқан бала. Ауырдым деп айтқан емес. Жүрегі де ауырмаған. Өмірінде ауруханаға жатып көрмеген. Ғимаратта сатымен көтеріліп бара жатып есінен танып құлапты. Қолында кісен, қасында полицейлер жетектеп келе жатқан. Ол сонда қалай құлайды? Полицейлер ұрып өлтірген болып тұр ғой. Көрген адамдар да бар ұрып-соққанын. Кеше олар айтамыз деп еді, бүгін қорқып отыр. Ұлымның қасында Сергей деген досы болған. Ол да ұрғанын растап отыр», — деді марқұмның әкесі.

    Ұлынан айырылған әке кеше түнде Қостанайдан Шымкентке жеткен. Өзі мәйітті әлі көрмепті. Ол жергілікті сот-медииналық сараптамаға сенбейтінін айтты. Сол үшін тәуелсіз экспетизаға жүгінбек.

    Ерғара Жұмабаев дәл қазір ұлының денесін алып кету үшін Шымкенттегі мәйітхана алдында тұрғанын айтты. Ұлының денесін көрген ол өне бойында сау тамтығы қалмаған деп отыр. Қазір мәйітті экспертиза жасауға алып кетіпті.

    «Денесінің сау жері жоқ, көк ала қойдай. Аяғы, тізесі соққы алған. Бас сүйегіне дейін зақымдалған. Екі құлақтың үсті қанталаған. Мұрны сынған. Көзі мен бет-аузы көгеріп, ісіп кеткен. Білмеймін, бұларды малға теңеуге болатын шығар. Мұндай айуандыққа қалай ғана? Экспертизаға алып кетті қазір. Білмеймін, айдан анық көрініп тұр ғой неден өлгені десем, заң бойынша денені ашып, анықтауымыз керек деп отыр. Мәйітхана сыртында күтіп тұрмын», — деді қайтыс болған жігіттің әкесі.

    Марқұмның әкесі адвокат көмегіне жүгінгенін, денені алып шыққан соң құзырлы органдарға арыз түсіретінін айтты. Кінәлілер жазадан құтылып кетпесе екен дейді.

    31 жастағы Нұрболат Жұмабаев Қостанай тұрғыны. Жақында шаңырақ көтеруді жоспарлап жүрген. Тіпті беташар күнін 17 желтоқсанға белгілеп қойыпты. Шымкентке кездесіп жүрген қызын алып кетуге келген екен. Ол полицейлер ұстап әкетпей тұрып әкесімен сөйлескен кезде өзінде бәрі жақсы екенін айтқан.

    Ерғара Жұмабаев ұлына көлік ұрлығы бойынша тағылған айыпты бүгін естідім деп отыр. Ол ұлының кінәсіз екеніне сенімді.

    Марқұм бұған дейін ұрлық бойынша сотты болған.

    Бүгін Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов қайғылы оқиғаға қатысты брифинг өткізіп, марқұмның туыстарына көңіл айтты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

    қатысты посттар

    Нұр-Сұлтанда шенеуніктің ұлы баланы қағып, қашып кеткен

    Фариза

    Қазақстанда аса қауіпті дерт таралып жатыр

    Фариза

    Атырауда қайтыс болған баланың әкесі жедел жәрдем дәрігерлерін айыптады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    15 + eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.