15 C
Алматы
Сенбі, 4 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматыда “несиелік рақымшылық” туралы хабарламадан кейін ел дүрлікті (видео)

    Ғаламторда “несие кешіріледі” деген хабарламаны естіген жұрт Ұлттық банк ғимаратының алдына жиналды. Соның салдарынан банктің алдында ұзын-сонар кезек пайда болған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    WhatsApp желісінде тараған хабарламада “Егер несиеңіз болса, тез арада банкке өтініш беріп, арыз жазу керек. 15-ші желтоқсанға дейін құжат өткізгендердің несиесі кешіріледі”, — деп жазылған. Сол-ақ екен осыны естіген жұрт банк ғимаратының алдына көптеп жиналды.

    Қолдарына бір-бір бланк ұстаған жұрт несиеміз кешіреле ме деп үміттенеді. Көбісі несиесіне тиісті ақпаратты жазып, банк өкілдеріне өткізген, ал біразы өткізуге тырысып жүр. Арасында түнгі сағат 2-3-тен бері жүргендер де бар.

    ©ЭК/Ержан ШАЙЖАН
    ©ЭК/Ержан ШАЙЖАН

    Менің екі несием бар. Хабарламаны ғаламтордан естіп, бірден осында келдім. Мұнда бланк толтырып өткізгеннен кейін 15-20 күн ішінде бір хабары келетінін айтты,

    — дейді жиналған жұрттың бірі.

    Олардың айтуларынша, әу баста елдің құжатын мөрмен қабылдап алған банк өкілдері адам саны көбейген соң құжаттарды тіпті қабылдамай қойған. Бланк іздеген жұрт ғимарат маңындағы дәріханадан сатып алып, толтырып жатқандарын айтты.

    Дәріханадан 50 теңгеге сатып алдық. Банк қызметкерлері бланк берген жоқ. Осы жерде полицейлер де 20 теңгеден саудалады. Мен өзім дәріханадан алдым,

    — дейді тағы бір тұрғын.

    ©ЭК/Ержан ШАЙЖАН
    ©ЭК/Ержан ШАЙЖАН

    Ал қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл ақпараттың жалған екенін айтады.

    7 желтоқсанда әлеуметтік желілерде “несиеге рақымшылық” жасалады деген ақпарат тарады. Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды,

    — деді вдеомства өкілдері.

    ©ЭК/Ержан ШАЙЖАН
    ©ЭК/Ержан ШАЙЖАН

    Әзірге жалған ақпаратты кім таратқаны белгісіз. Экспресс К бұл жағдайды назарда ұстайды.

    қатысты посттар

    Дүниеге үшем әкелген ана Шыменттегі жарылыс салдарынан екі баласынан айрылды

    Фариза

    “Қазақстанға 55 ескі зауыт көшіріледі” деген әңгіме бар” Министрлік жауап берді

    Фариза

     “Ішін қатты басып, көкбауырын жарып жіберген” Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.