15 C
Алматы
Жексенбі, 19 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматыдағы жоғары оқу орнында емтиханнан құлаған студент суицид жасады

    Алматыдағы Қазақ-Британ техникалық университетінің студенті өз-өзіне қол салды. Бірінші курсты аяқтаған білімгер мұндай әрекетке оқу үлгерімінің нашарлығына байланысты барған, деп хабарлайды Qazweek.kz со ссылкой на Экспресс К.

    Студенттің суицид жасағандығы жайлы ақпарат алдымен Telegram-дағы Qumash каналында жазылды. Мәліметте білімгердің екі пән бойынша жазғы сессияға қалып кетуі осындай жағдайға алып келгені айтылады. Жоғарғы оқу орнында да бұл қайғылы оқиғаны растап отыр.

    Сергей Лидің өз-өзіне қол салғанын естігенде есеңгіріп қалдық. Біз оның отбасына, жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Ол жарқын жүзді, болашағы зор студенттің бірі еді. Университет тарапынан қайғырып отырған отбасына барынша қолдау көрсетіледі,

    — деді Университет ұжымы.

    Қалалық полиция департаментінде аталған жағдай Қылмыстық кодекстің 105 бабы (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша іс қозғалғандығын айтты.

    Қылмыстық істі Бостандық аудандық ПБ тергеуге алды. Оқиғаның мән жайы тексеріліп жатыр. Сараптама тағайындалды,

    — дейді қалалық полицияда.

    қатысты посттар

    Қазақстанда 17 тамыздан бастап той жасауға рұқсат етіле ме

    Фариза

    “Тұншықтырып өлтіріп, кейін өртеп жіберген”: Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қыздың денесі табылды

    Фариза

    Қазақстан үкіметі президент сайлауын өткізуге 9,4 миллиард теңге бөлмек

    Пікір қалдыру

    3 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.