-3.1 C
Алматы
Пятница, 6 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Сапарбаев жалақысын жариялаудан бас тартты

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жалақысы қанша екенін жария етуден бас тартты, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында журналистің сауалына жауап берген аймақ басшысы оның жалақысының басқа облыс әкімдерінің жалақысынан еш айырмашылығы жоқ екенін айтты.

    «Бұл сұрақ әріптестеріме бірінші мәрте қойылып тұрған жоқ. Қайталап айтамын, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы еңбек өтіліне байланысты Үкімет қаулысы негізінде белгіленеді. Мен әріптестеріммен бірдей жалақы аламын», — деді Сапарбаев.

    Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев та жалақысын жария етуден бас тартқан болатын. Бірақ кейінірек облыс басшысының баспасөз қызметі 22 жылдық еңбек өтілін ескере отырып, Ноғаевтың айына 1 миллион 977 мың 890 теңге алатынын хабарлады.

    Сонымен қатар, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова және Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жалақыға қатысты сауалға жауап берді.

    қатысты посттар

    Dimond Princess кемесіндегілермен бірге ұшып келген продюсер: Біз үшін шешім қабылдаған әуе компанясы мен билік өкілдері біздің конституциялық құқығымызға қол сұқты

    Фариза

    «Оның бәрі заңсыз әрекет екен…» — митингке қатысқан жастардың өкініші (видео)

    «Билік өзін қорғау үшін төмен әрекетке барып отыр…» Экс-президенттің қызы жазбасымен жұрттың жүрегін елжіретті

    Пікір қалдыру

    4 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.