20 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    “Мұндай Қазақстанның мемлекеттік тілі – орыс тілі” – саясаттанушы

    Экономист, саясаттанушы Петр Своик биліктегілер қазақша сөйлегенде оның ырымын жасаумен ғана шектеледі дейді. Dalanews.kz Cвоиктің  ia-centr.ruсайтында жариялаған мақаласынан қысқа ғана үзінді ұсынады.

    “Бүгінгі Қазақстан билігі түгелдей қазақтардан тұрады. Саясатты, заңды, атқарушы және орындаушы билікті, экономиканы, білімді, ғылымды, мәдениетті, ақпаратты, әлеуметтік саланы – қазақтар билеп-төстеп отыр.

    Алайда бұдан қазақ ұлтына қайыр жоқ. Қазақша сөйлеп, қазақша ойлайтын ауыл қазағы, қаладағы қарапайым қазақ ұлттық байлыққа ортақтаса алмайды” – деп есептейді Своик мырза.

    Оның пікірінше Қазақстандағы билік қазақ ұлтына емес, осы ұлттан “жасақталған” ат төбеліндей топқа тиесілі.

    “Шындығында мұндай Қазақстанның мемлекеттік тілі – орыс тілі. Қазақ билігі орыс тілімен қатар, қазақ тілін де қолдануға тырысады. Бірақ бұл әншейін көзалдау, ырымын жасаған болады. Қалада тұратын қазақтың көпшілігі – орыстілді немесе екі тілді де жетік меңгерген.

    Бұған қоса қалалық жерде аралас неке көп. Қазақ пен орыс қана отау құрып жатқан жоқ, қазақ пен кәріс, татар, өзбек, ұйғыр, еврей және басқаның қаны шимай-шатпақтанып кеткен. Бүгінгі қазақ билігінің басында отырған әлгі ат төбеліндей топ қазақылығынан әлдеқашан айырылған”, – дейді Петр Своик.

    қатысты посттар

    Украина Тоқаевтың Қырым жайлы айтқанына қатты алаңдаулы

    Нұрлан Нығматулин Nur Otan партиясының саяси кеңесінен шығарылды

    Фариза

    Forte bank әлемнің үздік 3 банкінің қатарына кірді

    Пікір қалдыру

    seven + fourteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.