12 C
Алматы
Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Атырауда аяғы ауыр келіншек көпірден секіріп кетті

    Атырауда полицейлер көпірден секіріп кеткен жүкті әйелді құтқарды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz. порталына сілтеме жасап

    7 желтоқсан күні сағат 09:20 шамасында Жедел басқару орталығының инспекторы бейнебақылау камералары арқылы Атырау қаласындағы жаяу жүргіншілер көпірінде күдік тудырған әйелді анықтап, жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлама берді.

    Патрульдік полиция батальонының рота командирі Алмас Закариев оқиға орнына барып, көпірдің арғы жағында әйелді көріп, онымен байланыс орнатпақ болған, бірақ ол полиция қызметкерімен әңгімелеспей, көпірден секіріп кеткен.

    Алайда оқиға орнына дер кезде қайықпен жеткен Полиция департаментінің Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Жандарбек Жаңбырбаев пен Айбат Джаубаев әйелді құтқарып қалды. Көпірден секірген 28 жастағы азаматшаның жүкті екені анықталды. Әйел Орал қаласының тұрғыны болып шықты. Ол жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілді, тергеу амалдары басталды, – Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

    қатысты посттар

    “Мені адам құрлы көрмей, дөрекі сөйлеп тұрсыз” Бозымбаевтың тұрғындармен әңгімесі видеоға түсіп қалды

    Фариза

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ВОЛОНТЕРЛЕРІНЕ ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫ ТАПСЫРЫЛДЫ

    Фариза

    Іздеу-2018 жаттығуларының барлау бөлімшелері үшінші кезеңді бастады.

    Денис

    Пікір қалдыру

    twenty − 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.